21 сағат бұрын
Нидерландтағы турнирде қазақстандық боксшылар сегіз медаль алды

Фото: olympic.kz
Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар бес алтын медаль алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ел құрамасынан өз салмақ дәрежесінде Даниял Сәбит (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Нұрлан Сапарбай (90 кліден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі) пен Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетсек, дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан ертерек Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Ал Өзбекстан құрамасы халықаралық турнирде екі алтын медальға қол жеткізді. жеңіс тұғырына Абдумалик Халоков (60 келі) пен Турабек Хабибуллаев (90 келі) көтерілді.
