1 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлы: Канелоның андеркардында жұдырықтасуға дайынмын

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC тұжырымының иегері, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Кеше, 10 маусымда Сауд Арабиясының боксқа жауапты суперинвесторы Турки әл аш-Шейх «Канело» – Кроуфорд жекпе-жегі 13 қыркүйекте өтетінін ресми түрде жариялаған болатын.
Осыдан кейін жанкүйерлер әлеуметтік желілерде Турки әл аш-Шейхтен көптен күткен Жәнібек пен Адамес арасындағы титулдық жекпе-жекті андеркартқа қосуын сұрай бастады.
«Әлеуметтік желілерді қарап отырып, жанкүйерлердің менің Адамеспен айқасымды „Канело“ – Кроуфорд бокс кешінің андеркартында өткізуді сұрап жатқанын көрудемін. Мен толықтай келісемін. Қуана қабылдаймын! Мен дайынмын!», — деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
