1 күн бұрын

Абель Санчес: Головкин ринг cыртында да ұлы тұлға екенін дәлелдеді

Абель Санчес: Головкин ринг cыртында да ұлы тұлға екенін дәлелдеді

Атақты бапкер Абель Санчес өзінің бұрынғы шәкірті, қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкиннің мансаптан кейінгі жетістіктеріне жоғары баға берді, деп хабарлады Sport12.kz 

Головкин қазіргі таңда халықаралық World Boxing ұйымының президенті болып, әуесқой бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуына үлкен үлес қосты.

WBN басылымына берген сұхбатында Санчес Головкинге қатысты мақтаныш сезімін жасыра алмады:

— Мен осы ақылды әрі ұлы спортшының мансабына үлес қосқаным үшін мақтанамын. Геннадий рингте ғана емес, одан тыс та ақылымен, нақты істерімен ерекшеленіп жүр. Көптеген боксшылар мансаптан кейін көмектесеміз деп уәде береді. Бірақ сонымен тоқтап қалады. Ал Головкин уәде етпейді. Бірден іске кіріседі. Өте қуаныштымын, — деді Санчес.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіби спорттағы жолын аяқтағаннан кейін, халықаралық бокс қауымдастығында жетекшілік қызметке келіп, жаһандық деңгейде боксшылардың құқықтары мен әуесқой спорттың дамуына атсалысып жүр.

«Сарыарқа» қатары өзбекстандық клубтың ойыншысымен толықты

Хоккей 52 минут бұрын

«Сарыарқа» қатары өзбекстандық клубтың ойыншысымен толықты

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Футбол 5 сағат бұрын

Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын қазақстандық қай телеарна көрсетеді

Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

Басқа 6 сағат бұрын

Таиландта байдарка және каноэмен есуден Азия чемпионы басталды

Алматылық «Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Футбол 6 сағат бұрын

Алматылық «Қайрат» бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады

Бокс 7 сағат бұрын

The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты

Футбол 8 сағат бұрын

«Бавария» Саненің орнына ойыншы тапты