1 күн бұрын
Данияр Елеусінов рингке оралатын күн белгілі болды

Фото: Getty Images
IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) рингке оралатын күн белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол шілде айында АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтон қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысады. Әзірге қарсыласының есімі жарияланған жоқ.
Қазір Данияр Питтсбург қаласының маңында орналасқан жаттықтырушы Том Янкеллоның залында дайындығын пысықтап жатыр.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда жұдырықтасып, филиппиндік Джо Нойнаны (23-5-2, 11 КО) мерзімінен бұрын жеңген болатын.
