12.06.2025
The Ring әлемдегі ең үздік боксшылардың жаңа рейтингін жариялады
Фото: Getty Images
Беделді The Ring журналы салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Рёсуке Нишиданы сенімді жеңіп, ең жеңіл салмақта WBC және IBF титулдарын біріктіргеннен кейін жеңіліп көрмеген жапониялық Дзюнто Накатани (31-0, 24 КО) рейтингтің алтыншы сатысына көтерілді. Ол америкалық Джесси Родригестің орнын басты.
The Ring журналының Pound-For-Pound рейтингі:
1. Александр Усик (Украина);
2. Наоя Иноуэ (Жапония);
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);
4. Дмитрий Бивол (Ресей);
5. Артур Бетербиев (Ресей);
6. Дзюнто Накатани (Жапония);
7. Джесси Родригес (АҚШ);
8. Сауль Альварес (Мексика);
9. Кенсиро Терадзи (Жапония);
10. Дэвид Бенавидес (АҚШ).
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Наурызбай Қанатұлы