7 сағат бұрын
Сәкен Бибосынов 55 келіге не үшін ауысқанын түсіндірді

Әуесқой бокста Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов "Спорт Министрі" арнасына берген сұхбатында жаңа салмаққа ауысқаны жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Sport12.kz
- World Boxing ұйымы жаңа салмақтарды бекітіп, 50 және 55 келіде жүлде сарапқа салынатынын мәлім етті. Денсаулығымды ойлап, салмаққа көтерілуді дұрыс деп шештім. Бұл салмақта ел ішіндегі бәсекелестік өте жоғары. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, 2025 жылы өткен халықаралық жарыстардың барлығында қарсыластарым чемпион атанды. Енді ақырындап бейімделіп, бауырларыммен бірге 55 келіде әлемде Қазақстанның атын шығарамыз деген сенімдемін.
Сондай-ақ, ол қыркүйек айында өтетін Ливерпульдегі Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін бағамдады:
- 55 келіде бірінші, екінші нөмірлер бар. Ал мен енді ауыстым әрі жарақатымнан кейін жаттығуға кірісіп жатырмын. Нақты айта алмаймын. Шешімді бас бапкер қабылдайды. Егер мүмкіндік берілсе, баруға дайынмын.
