7 сағат бұрын
Астанада бокстан Қазақстан құрамасы ашық жаттығу өткізеді

Фото: kaz.inform.kz
Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтетін Әлем кубогы алдында ашық жаттығуы ұйымдастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
- Құрметті әріптестер, 23 маусым 17:30да бокстан Қазақстан ерлер құрамасының ашық жаттығуы ұйымдастырылады.
Қазіргі уақытта Астанада еліміздің ұлттық құрамасы, сонымен қатар АҚШ, Канада, Сербия, Франция, Финляндия командалары бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Боксшылар үшін бұл - 30 маусым мен 6 шілде күндері өтетін Әлем Кубогіне дайындық, - деп жазылған хабарламада,
World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен бокстан әлем кубогында Дәулет Төлемісов (85 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанды.
Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдеге қол созды.
Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Әзірге оның қайда өтетіні белгілі болған жоқ.
Соңғы оқу-жаттығу жиыны 17-29 маусым аралығында өтеді. Бұл — халықаралық деңгейде өтетін біріккен жаттығу жиыны. Оған АҚШ, Канада, Ирландия, Бразилия және Аустралия сынды елдердің боксшылары қатысады.
