12 сағат бұрын
Турки Аль аш-Шейх Cауль Альварестің келесі қарсыласын атады

Riyadh Season жобасының басшысы Турки Аль аш-Шейх абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альвареске (63-2-2, 39 КО) қатысты келесі қадамдарын ашық айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
Оның айтуынша, егер бәрі жоспар бойынша өтсе, мексикалық жұлдыз 2025 жылдың ақпанында қайта рингке оралуы мүмкін.
Турки Аль аш-Шейх The Ring басылымына берген сұхбатында:
«Қыркүйекте Канело келісімшарт аясындағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Егер бәрі жақсы болса, ақпанда оны қайта көреміз. Қазіргі таңда екі қарсылас қарастырылып отыр: Хамза Шираз немесе Крис Юбэнк».
Айта кетейік, Канело келесі жекпе-жегін қыркүйек айында Теренс Кроуфордқа қарсы өткізеді.
