8 сағат бұрын
Қайрат Сәтжанов Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуы мүмкін боксшыларды атады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін боксшылар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
«АҚШ-та өтетін Олимпиадаға әлі үш жыл бар. Сол себепті нақты құрам туралы айтуға ерте. Қазіргі негізгі боксшылардың бәрі құрамада қала бермейді деп ойлаймын, себебі жас буын өте қарқынды өсіп келеді. Біз қазірдің өзінде жаңа толқынды дайындап жатырмыз: Торехан Сабырхан, Санжарәлі Бегәлиев, Сейілхан Өнер – бұлар жай ғана талантты спортшылар емес, әлем чемпиондары. Сондай-ақ Боранбек Бексұлтан мен Дәулет Төлемісовті айтар едім – олар 2005–2006 жылдары туған жігіттер. 2028 жылға дейін олар негізгі құрамға енеді деп сенемін, – деді Сатжанов.
Айта кетейік, Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан ерлер құрамасынан жеті боксшы қатысқан еді. Бірақ бір ғана күміс жүлде бұйырған болатын. Оны 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбек Оралбай жеңіп алды.
