6 сағат бұрын
4 Әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегері: Қайрат Сәтжанов Әлем кубогына қандай құрамды таңдады?

World boxing ұйымының алғаш рет Астанада өткізіп жатқан Әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы өз тізімін ресми жариялады.
Бұған дейін Астана төрінде 2002 жылы командалық сайыс түрінде Әлем кубогы өтіп, Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленген.
50 келі. Санжар Тәшкенбай (2023 жылғы Әлем чемпионы)
55 келі. Сабырхан Махмұд (2023 жылғы Әлем чемпионы)
60 келі. Серік Теміржанов (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері)
65 келі. Ертуған Зейнуллиннов (2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері)
70 келі. Абылайхан Жүсіпов (3 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері)
75 келі. Сабыржан Аққалықов
80 келі. Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері)
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы)
90 келі. Сағындық Тоғамбай (Азия чемпионы)
+90 келі. Айбек Оралбай (2 дүркін Азия чемпионы)
Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
