8 сағат бұрын
Үндістандық боксшылар да Астанаға келіп жетті

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
World Boxing ұйымдастырған әлем кубогінде Үндістан намысын қорғайтын боксшылар Елордаға табан тіреді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Үндістан командасында Азия чемпиондары мен әлем кубогінің жүлдегер спортшылары бар.
Ерлер құрамында:
• Абхинаш Джамвал — Бразилияда өткен әлем кубогінің күміс жүлдегері.
Әйелдер құрамында:
• Минакши — Elorda Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы.
• Сакши Чаудхари — жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері.
• Санама Чану және Анамика Худа — жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері.
• Пуджа Рани — Азия чемпионатының екі дүркін чемпионы, сондай-ақ бір рет күміс және бір рет қола медаль иеленген
Айта кетейік, байрақты бәсекенің басталуына небәрі 1 күн ғана қалды.
Айтулы дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.
