5 сағат бұрын

Толқын Киличев: Қазақстан боксшыларымен Әлем чемпионатында жолығамыз

Толқын Киличев: Қазақстан боксшыларымен Әлем чемпионатында жолығамыз

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Киличев Қазақстанда өтетін Әлем кубогының кезеңіне не себепті келмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sport12.kz

– Біз дайындықты өз жоспарымызға сай жүргізіп жатырмыз. Соңғы жарты жылдағы көрсеткіштерді саралап, кімге қанша жекпе-жек қажет екенін бағаладық. Кейбір спортшыларда тәжірибе аз болды. Сондықтан оларды Нидерландтағы Эйндховен турниріне жібердік. Әрқайсысы кемінде үш жекпе-жек өткізді. Бұл Ливерпульде өтетін жаһандық доданың алдындағы дайындықтың бір бөлігі болды.

Қазақстанға келу жоспарда болған жоқ. Өйткені бұл дайындық кестемізге кедергі келтіріп, жарақаттар қаупін арттыруы мүмкін еді.

Шешіміміздің саясатқа не басқа себептерге қатысы жоқ. Қазақстанмен арада әрдайым жылы қарым-қатынас бар. Боксшыларымыз бірге өсіп келеді. Абылайхан Жүсіповті жас кезінен білемін.

Өзбекстан мен Қазақстан боксшылары әлемдік және құрлықтық жарыстарда әлі талай мәрте жолығады. Барша спортшыларға тек сәттілік тілеймін. Олардың есімдері әлемдік бокстың тарихында қалсын деп тілеймін, – деді Киличев.

Айта кетейік, Астанада алғаш рет ұйымдастырылып жатқан Әлем кубогы кезеңіне 29 ел қатысуға ниет білдірді.

Әлем кубогы: Қазақстандыө екі боксшы жарысты жалғастырады

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем кубогы: Қазақстандыө екі боксшы жарысты жалғастырады

Астана қаласының пара спортшылары VII республикалық спартакиадада топ жарды

Теннис 4 сағат бұрын

Астана қаласының пара спортшылары VII республикалық спартакиадада топ жарды

Толқын Киличев: Қазақстан боксшыларымен Әлем чемпионатында жолығамыз

Бокс 5 сағат бұрын

Толқын Киличев: Қазақстан боксшыларымен Әлем чемпионатында жолығамыз

Алматыда теннистен дәстүрлі BAQ Open by Tion турнирінің жеңімпаздары анықталды

Теннис 6 сағат бұрын

Алматыда теннистен дәстүрлі BAQ Open by Tion турнирінің жеңімпаздары анықталды

Клубтар арасындағы ӘЧ: Гарри Кейннің екі голы «Баварияны» ширек финалға алып шықты

Футбол 8 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: Гарри Кейннің екі голы «Баварияны» ширек финалға алып шықты

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді

Футбол 8 сағат бұрын

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры өтеді