6 сағат бұрын
Әлем кубогы: Қазақстандыө екі боксшы жарысты жалғастырады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Астанада өтетін World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 30 маусымда ел құрамасынан Әнел Сақыш (54 келі) жарысты жалғастырады.
Алғашқы жекпе-жегінде ол германиялық Татьяна Обермайермен 3 рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңді.
Оның келесі қарсыласы өзбек қызы 2024 жылы Азия чемпионы Феруза Казакова.
Алғашқы жекпе-жегінде Назым Қызайбай (48 келі) канадалық Приянка Диллонды айқын басымдықпен ұтты. Осылайша келесі кезеңге жолдама алды. Алдағы қарсыласы - өзбекстандық, Азия ойындарының чемпионы Фарзона Файзолова.
Енді сегізінші жұпта ерлерде Абылайхан Жүсіпов (70 келі) 1/8 финалда қырғызстандық Алмаз Орозбековпен кездеседі.
Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда қазақстандық екі боксшы шаршы алаңға шығады.
Үшінші жұпта әйелдерде Виктория Графеева (60 келі) 1/8 финалда жапониялық Аяка Тагути, бесінші жұпта Наталья Богданова (70 келі) индонезиялық Санамача Чану Токчоммен сынға түседі.
