6 сағат бұрын
Әлем кубогы: Әнел Сақыш өзбекстандық боксшыға есе жіберді

Фото: Қазақстан ҰОК
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін Әнел Сақыш екінші жекпе-жегінде өзбек қызы Феруза Казаковаға жол берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өзбекстандық былғары қолғап шебері Феруза Казакова 2024 жылғы Азия чемпионы атанған еді.
Осымен екінші отандасымыз әлем кубогін аяқтады.
Бұған дейін ерлер арасынан 70 келіде Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалған еді.
Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.
Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.
Дүбірлі дода 30 маусым-6 шілде аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
