5 сағат бұрын
Бокстан Әлем кубогы: Махмұд Сабырхан ширек финалға өтті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында отандасымыз 1/8 финалда оңтүстіккореялық Шин Чжэенді жеңді, деп хабарлайды Sport12kz.
Махмұд бірінші раундтан-ақ керемет бокс үлгісін көрсетіті. Қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Махмұд Сабырхан 2023 жылы әлем, 2024 жылы Азия чемпионы. Оның қоржынында Әлем және Азия чемпионаттарының екі бірдей күміс жүлдесі бар.
Айта кетсек, бүгін, 1 шілдеде ел құрамасынан алты боксшы сынға түсіп жатыр.
Қазірге дейін әйелдерде Анель Сакыш (54 келі) өзбекстандық Феруза Казаковаға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Сондай-ақ Нұрбек Оралбай ( 80 келі), Надежда Рябец (75 келі), Серік Теміржанов (60 келіі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
