8 сағат бұрын
Әлем кубогының екінші жарыс күні қалай өтті?

Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Күндізгі сессияда қос әлем чемпионы Махмұд Сабырхан (55 келі) мен Нұрбек Оралбай (80 келі) өз қарсыластарынан бір бас жоғары өнер көрсетіп, ширек финалға өтті. Ал 54 келіде екінші жекпе-жегін өткізген Анель Сақыш Азия чемпионы Феруза Казаковаға (Өзбекстан) жол беруге мәжбүр болды.
Кешкі сессияда біршама үзәлістен кейін рингке оралған Надежда Рябец (75 келі) жеңіске деген жігерімен көпшілік тәнті етті. Ал ерлер сапынан Серік Теміржанов аса тартысты айқаста Аустралия өкілінен айласын асырса, ауыр салмақта Айбек Оралбай қабағы жарылғанына қарамастан, Доминикан Республикасының спортшысына еш мүмкіндік қалдырмады.
Айта кетейік, бүгінгі бәсекеде 75 келідегі Наджеда Рябец отандастарымыздың арасынан ең алғаш болып, жартылай финалға шықты.
Ертең де бокс жанкүйерлері жекпе-жектерді күндіз 14:00 және кешке 19:00-де екі сессия бойынша тамашалай алады.
