3 күн бұрын

Әлем кубогы: Бекзад Нұрдәулетов аустралиялық қарсыласының осал тұсын тапты

Әлем кубогы: Бекзад Нұрдәулетов аустралиялық қарсыласының осал тұсын тапты

Фото. Қазақстан ҰОК

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 2 шілдеде ел құрамасынан Бекзад Нұрдәулетов (85 келі) жарысты жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бекзад әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде аустралиялық Лачлан Лаусомен шеберлік айқасты.

Жекпе-жек басталған сәттен қазақстандық боксшының жойқын соққысы көрініп тұрды. Ол соққыны қарсыласы өзіне жіберіп алды. Нәтижесінде бірінші раунд Бекзадтың басымдығымен аяқталды. 

Екінші раундта аустралиялық боксшы Бекзадқа лайықты қарсылық көрсетті. Нәтижесінде төрт төреші қазақстандық былғары қолғап шеберін қолдаса, біреуі Лачлан Лаусо жеңді деген шешім шығарды. 

Нәтижесінде Бекзад Нұрдәулетов қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Бекзад Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы, 2024 жылы Таиландтағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен.

Қазірге дейін ел құрамасынан бүгін, 2 шілдеде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал Гүлсая Ержан (80 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Енді кешкі сессияда Виктория Графеева (60 келі), Аида Абикеева (65 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындык Тоғамбай ( 90 келі) сайысқа түседі.


Клубтар арасындағы ӘЧ: Жартылай финалда «Флуминенсе» және «Челси» кездеседі

Футбол 3 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: Жартылай финалда «Флуминенсе» және «Челси» кездеседі

Әлем кубогы: Қазақстан бокс құрамасынан бүгін кімдер шығады

Бокс 4 сағат бұрын

Әлем кубогы: Қазақстан бокс құрамасынан бүгін кімдер шығады

ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

Футбол 13 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, бірінші орынға көтерілді

Сағындық Тоғамбай - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 14 сағат бұрын

Сағындық Тоғамбай - Әлем кубогының қола жүлдегері

Ертуған Зейнуллинов - жартылай финалда

Бокс 14 сағат бұрын

Ертуған Зейнуллинов - жартылай финалда

Алғашқы финал! Елдана Талипова өзбек боксшысынан басым түсті

Бокс 14 сағат бұрын

Алғашқы финал! Елдана Талипова өзбек боксшысынан басым түсті