3 күн бұрын
Виктория Графеева - жартылай финалда

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші жарыс күнінде алтыншы отандасымыз рингке көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Виктория Графеева ширек финалда Түркия спортшысы Гизем Озерден айласын асырып кетті. Отандасымыз бастапқы 2 раундта ұтылып жатса да, шешуші сәтте қарсыласын 2 мәрте нокдаунға түсірді. Бұл қорытынды есепке әсерін тигізіп, Виктория келесі кезеңге өтті.
