16 сағат бұрын

Әлем кубогы: Виктория Графеева қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, 1/4 финалға шықты

Әлем кубогы: Виктория Графеева қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, 1/4 финалға шықты

Фото: Қазақстан ҰОК

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 2 шілдеде ел құрамасынан Виктория Графеева (60 келі) жарыстың келесі сатысына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Қазақстандық былғары қолғап шеберінің бүгінгі қарсыласы Еуропа ойындарының қола жүлдегері, түркиялық Озер Гизем болды.

Жекпе-жек аса тартысты жағдайда өтті. Бірінші раундта боксшылар бір-біріне көбірек соққы жұмсауға тырысты. Нәтижесінде бұл раундта Виктория қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберсе, одан кейін өзі дәл сондай есеппен қарсыласынан басым түсті.

Шешуші раундта ол қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, қарсыласын есеңгіретіп тастады. 

Осылайша Виктория Графеева жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Қазірге дейін ел құрамасынан бүгін, 2 шілдеде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал Гүлсая Ержан (80 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Енді кешкі сессияда Виктория Графеева (60 келі), Аида Абикеева (65 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындык Тоғамбай ( 90 келі) сайысқа түседі.

Данияр Елеусіновтың қарсыласы анықталды

Бокс

Данияр Елеусіновтың қарсыласы анықталды

«Астананың» жаңа футболшысы ең қымбат ТОП-3 ойыншының қатарына кірді

Футбол 35 минут бұрын

«Астананың» жаңа футболшысы ең қымбат ТОП-3 ойыншының қатарына кірді

 Йован Пайович «Ұлытау» сапына қосылды

Футбол 3 сағат бұрын

 Йован Пайович «Ұлытау» сапына қосылды

Стенд атудан әлем кубогына баратын қазақстандық спортшылар анықталды

Футбол 3 сағат бұрын

Стенд атудан әлем кубогына баратын қазақстандық спортшылар анықталды

«Жеңіс» сапынан Константинос Венизелу кетті

Футбол 4 сағат бұрын

«Жеңіс» сапынан Константинос Венизелу кетті

Ресми: Иван Башич «Астана» футболшысы атанды

Футбол 4 сағат бұрын

Ресми: Иван Башич «Астана» футболшысы атанды