12 сағат бұрын
Сағындық Тоғамбайдың камбэгі

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші жарыс күнінде тоғызыншы отандасымыз шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
Көрермендер асыға күткен 90 келідегі айқаста Сағындық Тоғамбай жарқын нокаутымен есте қалған Малачи Джоржеспен (АҚШ) жолықты.
Алғашқы раундта АҚШ өкілі басым түскенімен, қалған уақытта жерлесіміз сериялық соққыларын дәл дарыта білді. Қорытынды есеп: 5:0.
Осылайша бүгінгі сессия Қазақстан боксшылары үшін аяқталды.
