7 сағат бұрын
Алуа Балқыбекова жартылай финалға қадам басты

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының бесінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова екінші жекпе-жегінде Жапония спортшысы Юна Нишинакамен жолықты. Алғашқы раундтан-ақ аруымыз бойы мен қолы ұзындығын пайдаланып, қашықтықта жұдырықтасты. Бұл өз нәтижесін беріп, Алуа барлық уақытта басымдық танытты. Есеп: 5:0.
