8 сағат бұрын
Алғашқы финал! Елдана Талипова өзбек боксшысынан басым түсті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының бесінші жарыс күнінде үшінші боксшымыз бақ сынады, деп хабарлайды Sport12.kz
+80 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Елдана Талипова өзіне жақсы таныс өзбек қызы Олтуиной Сотимбоевамен қолғап түйістірді.
Қос спортшының жолы 1 жылдың ішінде Азия чемпионаты, Әлем чемпионатында жолығып, жерлесіміз басым түскен еді. Осы жолы да жеребе боксшыларды бірінші жекпе-жектерінде кездесті.
Қарсылас бірінші нөмірде жұдырықтасқысы келгенімен, Елдана бірінші раундтан-ақ көп соққыларын дарыта білді. Жекпе-жектің қалған уақытында да отандасымыз қолдағы басымдығын сақтап қалды. Қорытынды есеп: 3:2.
Енді қалған 7 аруымыз финалдық жолдамаларға ертең таласады.
