10 сағат бұрын
Сағындық Тоғамбай - Әлем кубогының қола жүлдегері

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының бесінші жарыс күнінде бесінші боксшымыз бақ сынады, деп хабарлайды Sport12.kz
90 келідегі Сағындық Тоғамбай жартылай финалда 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы Емра Ясармен (Түркия) өзара мықтыны анықтады. Алма кезек шабуылмен өткен жекпе-жек 1:4 есебімен түркиялық боксшының пайдасына шешілді.
