6 сағат бұрын
Әлем кубогы: Нұрбек Оралбай жекпе-жексіз финалға шықты

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 80 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген Нұрбек Оралбайдың екінші қарсыласы рингке шығудан бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz
Отандасымыз жартылай финалдық жекпе-жекте түркиялық қарсыласы Мерт Айбугамен шығуы тиіс болған.
Осылайша, қазақстандық боксшы жарыстың шешуші кезеңіне өтті. Финалда Нұрбек Франция өкілімен жұдырықтасатын болады.
Бұған дейін Әлем кубогында +80 келідегі Елдана Талипова финалға жолдама алған болатын.
