5 сағат бұрын
Үшінші финал! Назым Қызайбай Әлем кубогында үшінші жеңісіне жетті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының алтыншы жарыс күні басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай жартылай финалда жапониялық Хикару Шинохарамен өзара мықтыны анықтады. Рингте салқынқанды, сенімді қимылдаған Назым қарсыластан қарағанда дәл соққыларын бірінші болып дарытты. Қорытынды есеп: 4:1.
Осылайша, Қазақстан атынан үшінші боксшы финалға өтті. Бұған дейін +80 келідегі Елдана Талипова мен қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты Нұрбек Оралбай (80 келі) шешуші сынға шыққан еді.
