5 сағат бұрын
Әлем кубогы: Виктория Графеева үндістандық қарсыласын жеңіп, финалға шықты

Фото: Қазақстан ҰОК
Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 5 шілдеде жартылай финалда Виктория Графеева (60 келі) үндістандық Санджуды жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Алғашқы раундта Виктория қарсыласына есе жіберіп қойды. Үндістандық боксшы көбірек соққы жұмсауға тырысты.
Екінші раундта отандасымыз белсенділік арттырды. Нәтижесінде қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер Викторияның басымдығына қолдау білдірді.
Жалпы нәтиже бойынша Виктория Графеева жеңіске жетіп, финалға жолдамаға ие болды.
Енді ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі), Санжар Ташкенбай (50 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), 57 келі. Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Надежда Рябец (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі),Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Айта кетсек, қазірге дейін Нұрбек Оралбай (80 келі), Назым Қызайбай (48 келі) алтын жүлдені сарапқа салуға мүмкіндік алды.
Жартылай финалға Қазақстан атынан 14 боксшы шықса, Үндістан - 10, Бразилия мен Түркия - 6, Өзбекстан - 4, Аустралия, Әзербайжан, Франция, Англия, Жапония, АҚШ 3 былғары қолғап шеберіне үміт артады. Ал Германия, Моңғолия, Болгария - 2, Финляндия, Тайпей, Норвегия, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Нигерия, Филиппин мен Польша 1 спортшысын қосып отыр.
