6 сағат бұрын
Жетінші финал! Бекзад Нұрдәулетов шешуші кезеңге өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының алтыншы жарыс күнінде бесінші отандасымыз рингке көтерілді, деп хабарлады Sport12.kz
Әлем чемпионы, 85 келідегі Бекзад Нұрдәулетов жартылай финалда Түркия спортшысы Самет Ерсойдан басым түсті. Жерлесіміз соққысы жойқын қарсыласын арақашықта ұстап, әр шабуылына лайықты қарымта шабуылмен жауап берді. Есеп: 5:0.
Бұған дейін Қазақстан атынан финалға Елдана Талипова (+80 келі) Нұрбек Оралбай (80 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі) шешуші сынға шыққан болатын.
