7 сағат бұрын
Алуа Балқыбекова Әлем кубогының финалына өтті

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының жартылай финалы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова финалға берер жолдама үшін Бразилия мықтысы Каролин Барбоса Де Алмейдамен жұдырықтасты. Жоғары жылдамдықпен өткен айқаста жерлесіміз әр сәтті ұтымды пайдаланып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
