6 сағат бұрын
Ертуған Зейнуллинов - Әлем кубогының қола жүлдегері

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының кешкі сессиясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
65 келідегі Ертуған Зейнуллинов жартылай финалда Абхинаш Жамвалдан (Үндістан) өте алмады. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер 4:1 есебімен Үндістан өкіліне берді.
Бұған дейін Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі) қола жүлдегер атанған болатын.
