6 сағат бұрын
Он екінші финал! Айбек Оралбай нокдаунмен қарсыласын жеңді

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының алтыншы жарыс күнінде он төртінші отандасымыз рингке көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz
+90 келідегі Айбек Оралбай жартылай финалда Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері Махаммад Абдуллаевтан кезекті рет басым түсті. Жерлесіміз барлық раундта сенімді қимылдап, 3-раундта бір мәрте нокдаунға да жіберді. Қорытынды есеп: 5:0.
Айта кетейік, 2024 жылы Elorda Cup турнирінде қос боксшы жолығып, Айбек басым түскен.
