5 сағат бұрын
Әлем кубогындағы сенсация: Өзбек боксшысы Олимпиада чемпионын жеңді

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде басты сенсациялардың бірі тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz
65 келіде әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Навбахор Хамидова финалдық айқаста Токио Олимпиадасының чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионы Бусеназ Сюрменелиді 5:0 есебімен жеңіп кетті.
Бұл Өзбекстанның Әлем кубогы кезеңіндегі жалғыз алтын медалі. Одан бөлек, олардың қоржынында 4 қола жүлде бар.
Айта кетейік, кеше осы салмақта Аида Әбікеева түрік қызына жол берген болатын.
