7 сағат бұрын
Сабыржан Аққалықов Еуропа чемпионын жеңіп, Әлем кубогында топ жарды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлем чемпионы, 75 келідегі Сабыржан Аққалықов финалда Еуропа чемпионы Рами Киванмен (Болгария) шиеленісті айқас өтеді деп күтілген. Алайда бірінші раундтан бастап, жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Толассыз шабуылдардың арқасында Сабыржан төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
Сабыржан Аққалықовтың жарыстағы жолы:
1/4 финал.
