19 сағат бұрын
Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокстан ұлттық құраманың көшбасшысы Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа қалай келгенін түсіндірді деп хабарлайды Sport12.kz
- 2024 жылы Suleimen Promotion ұйымымен келісім-шартым аяқталған соң, АҚШ-тан ұсыныс түсті. Бірақ ол жақта жүріп-тұруға біраз қаражат қажет. Қандай шешім қабылданарын ойлап жүргенде, сол кездегі ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов шақырды. Үйде жата бергенше, оқу-жаттығу жиынына барғаным дұрыс деп сендім. Париж Олимпиадасы алдында жігітттеріміздің жоғары дайындықпен баруына атсалысып, Асланбек Шымбергеновке көмектестім. Соңына дейін бірге болып, сәттілік тілеп, шығарып салдық. Олимпиададан кейін, Қайрат Сәтжанов менің бабымды байқап, Азия чемпионатына қосу жайлы пікірімді сұрады. Қуана келістім. Нәтижесінде Азия чемпионы атанып, ұлттық құрамаға ресми оралдым, - деді Абылайхан Жүсіпов.
Абылайхан кәсіпқой боксты әлі де жалғастыра беретіндігін мәлімдеді.
- Егер жақсы ұсыныс болса, кәсіпқой мен әуесқой боксты қатар алып жүремін. Бас бапкер мен бокс федерациясына ескерттім, - деп боксшы ойын түйіндеді.
