5 сағат бұрын
Данияр Елеусінов АҚШ-та қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешіндежеңіске жетті, деп хабарлацйды Sport12.kz.
Ол жартылай орта салмақта филиппиндік Джеймс Бэконнан (26-5, 17 KO) басым түсті. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек толығымен өтпеді. Қазақстандық боксшы екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен тізе бүктірді.
Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі он үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал Джеймс Бэкон үшін бұл алтыншы жеңіліс болды.
Айта кетейік, бұл Елеусінов үшін АҚШ-тағы соңғы бес жылдағы алғашқы жекпе-жек. Ол бұған дейін Америкада 2020 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізіп, намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 KO) нокаутпен жеңген еді.
