21 сағат бұрын

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Лазизбек Муллажонов допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Лазизбек Муллажонов допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті

2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Өзбекстан құрамасының боксшысы Лазизбек Муллажоновтың допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылды. Бұл туралы Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) ресми түрде хабарлады.

Агенттік мәліметінше, 2025 жылдың 11 маусымында жарыстан тыс уақытта алынған сынама нәтижесінде спортшы ағзасынан метастерон метаболиттері анықталған. Метастерон — Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тыйым салынған заттар тізіміне енгізілген анаболикалық стероид. Бұл зат бұлшық еттің жылдам өсуіне, күш пен төзімділіктің артуына әсер етеді және оны кез келген уақытта қолдануға қатаң тыйым салынған.

Спортшыға бұл жағдай туралы ресми түрде хабарланды. Енді Муллажонов B сынамасын талдауға немесе өз көзқарасын білдіруге құқылы. Егер B сынамасы да A сынамасындағыдай нәтиже көрсетсе немесе спортшы одан бас тартса, бұл допинг ережелерінің бұзылуы ретінде тіркеледі.

Лазизбек Муллажонов – алғашқы ауыр салмақта өнер көрсететін танымал боксшы. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс: 2022 жылы Азия чемпионатының финалында Қамшыбек Қоңқабаевты, ал 2023 жылы Нұрсұлтан Аманжоловты бірінші раундта нокаутпен жеңіп, үлкен резонанс тудырған еді.

Бұл жағдай халықаралық бокстағы әділдік пен тазалық мәселелерін қайта көтеріп отыр. Алдағы уақытта спортшының тағдыры мен медаліне қатысты нақты шешім B сынамасының қорытындысынан кейін белгілі болады.

Футболдан бірінші лигада бүгін «Ертіс» пен  «Шахтер» кездеседі

Футбол 29 минут бұрын

Футболдан бірінші лигада бүгін «Ертіс» пен «Шахтер» кездеседі

«Спарта» – «Ақтөбе»  Конференциялар лигасының қарымта ойынының тікелей трансляциясы

Футбол 4 сағат бұрын

«Спарта» – «Ақтөбе» Конференциялар лигасының қарымта ойынының тікелей трансляциясы

Нұралы Әліп «Зенит» тарихында капитандық міндет атқарған алғашқы қазақстандық атанды

Футбол 7 сағат бұрын

Нұралы Әліп «Зенит» тарихында капитандық міндет атқарған алғашқы қазақстандық атанды

Жаңажол Қуанышбек - грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы 

Күрес 15 сағат бұрын

Жаңажол Қуанышбек - грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы 

Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open турнирінде ойнайды

Теннис 20 сағат бұрын

Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open турнирінде ойнайды

Америкалық Шон Брэди Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

ММА/UFC 21 сағат бұрын

Америкалық Шон Брэди Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді