10.08.2025

Бокстан Азия чемпионатының алғашқы алтыны қоржынға түсті

Бокстан Азия чемпионатының алғашқы алтыны қоржынға түсті

Таиландтың астанасы Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U19) Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Құралай Егінбайқызы финалда үндістандық Критика Васанмен кездесті.

Бірінші раундта тартыс тең деңгейде өрбігенімен, кезең соңында Васан жекпе-жек тоқтағаннан кейін соққы жасағаны үшін ескерту алып, бір ұпайдан айырылды. Соған қарамастан, бұл раунд үнді спортшысының еншісіне жазылды.

Екінші раундта Құралай қарсыласын канатқа тықсырып, қысым көрсете бастады. Васан қарсы соққыларын дөп тигізгенімен, қазақстандық боксшы бірнеше сәтті соққы өткізіп, кезеңді өз пайдасына шешті.

Шешуші үшінші раундта Құралай физикалық тұрғыдан сергек көрініп, айқын басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді.

Сонымен қатар, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аяжан Ермек күміс жүлдені жеңіп алды. Финалда ол үндістандық Мусканға 2:3 есебімен есе жіберді


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Футбол 6 минут бұрын

Қазақстан еурокубоктық рейтингте көтерілді

Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Футбол 17 минут бұрын

Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Футбол 37 минут бұрын

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев 2 дүркін Азия чемпионы атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев 2 дүркін Азия чемпионы атанды

«Манчестер Юнайтед» бірнеше жұлдызын сатпақшы

Футбол 3 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» бірнеше жұлдызын сатпақшы

Неймар ұлттық құрамаға қайта оралады

Футбол 4 сағат бұрын

Неймар ұлттық құрамаға қайта оралады