12.08.2025

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) арналған жазба жариялап, жанкүйерлерден оның келесі қарсыласы туралы пікірлерін сұрады.

«Жәнібектің келесі жекпе-жегін кіммен өткізгенін қалайсыздар? Арман жекпе-жектеріңізді пікірге жазыңыздар», – деп жазды ұйым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Соңғы жекпе-жегін ол 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, екі белбеуін де қорғап қалды.

Қазір «Қазақ стилі» келесі жекпе-жекке дайындық үшін АҚШ-та жаттығып жатыр. Кездесудің нақты күні мен қарсыласы әлі жарияланған жоқ.

Орта салмақтағы басқа чемпиондар қатарында доминикандық Карлос Адамес (WBC, 24-1-1, 18 КО) және кубалық Эрисланди Лара (WBA, 31-3-3, 19 КО) бар.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Футбол 7 минут бұрын

Ұлан Қоныспаев «Қайрат» бапкерін сынға алды

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Футбол 27 минут бұрын

Брендан Роджерс: «Алматыда да жеңе аламыз»

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев 2 дүркін Азия чемпионы атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев 2 дүркін Азия чемпионы атанды

«Манчестер Юнайтед» бірнеше жұлдызын сатпақшы

Футбол 3 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» бірнеше жұлдызын сатпақшы

Неймар ұлттық құрамаға қайта оралады

Футбол 4 сағат бұрын

Неймар ұлттық құрамаға қайта оралады

Декретке кеткен алғашқы футболшы: Испанияда тарихи оқиға

Футбол 4 сағат бұрын

Декретке кеткен алғашқы футболшы: Испанияда тарихи оқиға