6 күн бұрын
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастап кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері дүбірлі додаға әзірлігін Алматы облысында жүргізіп жатыр.
Еліміздің бокс федерациясының мәліметінше, аталған жиынға тек таңдаулы боксшылар шақырылған. Әр салмақ дәрежесінде 4 спортшыдан келді.
Боксшылар 26 тамызда Ұлыбританияға аттанады. Біріншілік алдында Шеффилд қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Оған Франция, Швеция, Норвегия, Германия, Литва, АҚШ, Косово, Филиппин, Польша, Ирландия, Үндістан құрамалары қатысады деп күтілуде, - деп мәлім етті Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы:
Қайрат Сәтжанов федерацияға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы әлі толық жасақталған жоқ. Бірнеше салмақтағы қатысушыларды осы жиында қарастырады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
