3 күн бұрын
Геннадий Головкин Венгрия боксын елеулі мерекесімен құттықтады

Фото: Қазақстан ҰОК
Геннадий Головкин Венгрия бокс федерациясын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Венгрия бокс федерациясының жүз жылдық мерейтойын атап өтуге арналған салтанатты іс-шараның құрметті қонағы болды. Іс-шара Будапешттегі Батырлар алаңында өтті.
Геннадий Головкин Будапештке Венгрия бокс федерациясының президенті, Олимпиада чемпионы Иштван Ковачтың арнайы шақыртуымен барды.
Сондай-ақ сапар барысында Геннадий Головкин World Boxing саммитіне қатысып, Будапешттің спорт нысандарын аралады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
