23 сағат бұрын
Бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының өтетін жері белгілі болды

Бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты Семей қаласында өтеді деп хабарлайды Sport12.kz сайты Қазақстан бокс федерациясы сілтеме жасап хабарлайды.
Ел біріншілігі 2025 жылдың 12-19 қазан аралығында өткізіледі деп жоспарлануда. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысады.
Биылғы чемпионаттының басты ерекшелігі - әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды ұлттық құраманың көшбасшылары қайтадан күштерін сынауы әбден мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы бокстан Қазақстан Спартакиадасы Семей қаласында өтуі керек болатын. Алайда сол кездегі министр Ермек Маржықпаевтың бұйрығымен Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңі саналған Спартакиада Астана қаласына ауыстырылған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
