21 сағат бұрын
Бекзад Нұрдәулетов Венгрия мемлекеті сапында жұдырықтасудан неге бас тартты?

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов шетелден келген ұсыныстар бойынша пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасына сілтеме жасап.
"2023 жылы жазғы Спартакиаданың финалындағы жеңілістен кейін, бірден Венгрияға ауысу бойынша бірнеше адам хабарласты. Ақшасы да жақсы болды. Бірақ мен Олимпиаданың тұғырында тек қазақтың көк туымен тұрғанымды ғана елестеткенмін. Сондықтан қанша ақша берсе де, барудан бас тарттым. Өйткені ол жаққа барғанда бәрібір толыққанды күш-жігерімді сала алмас едім", - деді Бекзад Нұрдәулетов.
Сондай-ақ ол алдағы Олимпиадада қай салмақта өнер көрсететініне байланысты сұраққа да жауап берді.
"Лос-Анджелес Олимпиадасына дейін 3 жыл бар. Оған дейін сан түрлі турнирлер бар. Барлығында бақ сынап, сараптайтын боламыз. Содан кейін 80 немесе 90 келінің қайсысы тиімді екендігіне қатысты шешім қабылдаймыз", - деп жауап берді боксшы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
