2 күн бұрын
World Boxing: Қазақстан құрамасынан бүгін 2 боксшы шығады

Фото: Қазақстан ҰОК
World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында бүгін, 4 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірлі додада отандастарымыз арасынан алғашқы болып әйелдер арасында Элина Базарова (54 келі) өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездеседі. Ол екінші жұпта А рингінде шеберлік байқасады. Кешкі сеғссия қазақстандық уақытпен 22:00-ге белгіленген.
Сондай-ақ кшкі сессияда 13-жұпта Б рингінде Сағындық Тоғамбай (90 келі) англиялық Айзек Окомен қолғап түйістіреді.
World Boxing ұйымының аясында алғаш рет өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер - 329, әйелдер - 225) келді.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
