04.09.2025
Бокстан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстаннан кім шығады?
Бүгін Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы ұйымдастырған тарихтағы алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport12.kz
Алғашқы жарыс күнінде ел намысын екі спортшы қорғайды. Әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова өзбектік Нигина Уктамовамен кездеседі. Бұл жекпе-жек А рингінде кешкі сессияда (Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де) өтеді.
Ал ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай жергілікті ағылшын боксшысы Айзек Окомен өзара мықтыны анықтайды. Бұл жұп Б рингінде 13-ші болып өнер көрсетеді (кешкі сессия).
Жекпе-жектерді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов