3 сағат бұрын
ESPN спорттық порталы Геннадий Головкинді үздік боксшылардың тізіміне қосты

Атақты ESPN спорттық порталы 2000 жылдан бері рингке шыққан үздік 25 боксшының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Үздіктер рейтингінің көшін жеңіліс көрмеген америкалық Флойд Мэйвезер (50-0, 27 KO) бастады. Одан кейінгі орында филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-8-3, 39 KO) тұр. Ал үшінші сатыда Бернард Хопкинс (55-8-2, 32 KO) орналасқан.
Тізімге қазақстандық жанкүйерлердің мақтанышы, даңқты боксшы Геннадий Головкин де еніп, 11-орынға тұрақтады.
Головкиннің негізгі жетістіктері:
42 жеңіс, 2 жеңіліс, 1 тең, оның ішінде 37 нокаут (2006–2022 жылдар аралығы);
Орта салмақта әлем чемпионы атағын қатарынан 20 рет қорғау көрсеткішімен Бернард Хопкинспен рекордты бөліседі.
Айта кетейік, қазіргі таңда Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті және әлемдік World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін атқарады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
