2 күн бұрын
World Boxing: бүгін бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан кімдер шығады

Фото: Қазақстан ҰОК
World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады., деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірді додада ел құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) грекиялық Панагита Кузилумен қолғап түйістіреді.
Карина 2023 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018, 2022 жылдары қола жүлдегер атанса, 2022 жылы Азия чемпионы болды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Аида Әбікеева (65 келі) венгриялық Анна Луца Хаморимен қолғап түйістіреді.
Ол бұдан бұрын Сербияның Ниш қаласында әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.
Еліміздің әйелдер құрамасынан Элина Базарова (54 келі) алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Нигина Уктамоваға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
чемпионатында Еліміздің атынан аталған үш боксшыдан өзге Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі),Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Талипова (80 келіден жоғары) сынға түседі.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
