4 сағат бұрын
Надежда Рябец әлем чемпионатынан тыс қалды

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем біріншілігінде Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы Надежда Рябец алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды sport12.kz.
75 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз қытайлық тәжірибелі боксшы, әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін күміс және қола жүлдегері Ванг Лимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қарсыластың бойы мен қол ұзындығы басымдық беріп, Рябец жарысты бірінші айналымда аяқтады.
Айта кетейік, қытайлық спортшы Ванг Ли – әйелдер боксының әлемдік аренадағы көшбасшыларының бірі саналады
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
