21 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлы өзбекстандық боксшымен жекпе-жекке шыға ма?

Фото: Қазақстан ҰОК
Өзбекстандық Исраил Мадримов (10-2-1, 7 KO) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізу мақсаты баре кенін атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өзбекстандық былғары қолғап шебері бұрын әлем чемпионы атанған. Ал Жәнібек орта салмақта IBF және WBO белбеулерінің иегері атанған.
- Жәнібек әріптесімді жоғары бағалаймын. Егер ол менімен жекпе-жекке шығуға ниет блдірсе, мен оған қуана келісер едім, - деді ол.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
2015 жылдан бері кәсіпқой бокста 17 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
