20 сағат бұрын
Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
57 келідегі отандасымыз 1/8 финалда жергілікті спортшы Элиза Глиннмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Карина Ибрагимова аталған додада Қазақстан құрамасынан алғашқы болып ширек финалға жолдама алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
