18 сағат бұрын
Наталья Богданова нокдаунмен жеңіске жетті

Бокстан Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде кешкі сессия басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
70 келідегі Наталья Богданова алғашқы жекпе-жегінде Үндістан өкілі Тхокчом Суприя Девиді 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Тіпті алғашқы раундта отандасымыз қарсыласын бір мәрте нокдаунға да жіберді.
Айта кетейік, қос боксшы екі ай бұрын Астанадағы Әлем Кубогы кезеңінде де жолығып, Наталья басым түскен болатын.
Енді отандасымыз 9 қыркүйек күні Түркия спортшысымен күш сынасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
