1 күн бұрын
Сағындық Тоғамбай тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы 2025 жылғы әлем чемпионатында үшінші боксшымыз рингке шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
90 келідегі Cағындық Тоғамбай 1/8 финалдық кездесуде Ирландия өкілі Джек Майкл Марлеймен жолығып, 4:1 есебімен төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Күндізгі сессиядағы тартысты айқастың бірінде боксшылар таза жұдырықтасып, көрермендерді тәнті етті.
Енді отандасымыз ширек финалдық кездесуін 10 қыркүйекте өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
